1966 жылғы Әлем чемпионаты Англия жерінде өтіп, финалда алаң иелері Германия құрамасын (ГФР) 4:2 есебімен жеңіп, чемпион атанғанын жанкүйер қауым жақсы біледі, деп жазады prosports.kz тілшісі.Ол чемпионаттың бар қызығы бұл ғана емес. Турнир басталмай тұрып мынадай оқиға орын алды.Чемпионат басталардан үш жарым ай бұрын, наурыз айында Лондондағы Вестминистер сарайында сақтаулы тұрған әлем біріншілігінің кубогы аяқ астынан ұшты-күйлі жоғалды. Бүкіл полиция аяғынан тік тұрып іздейді. Бірақ кубокты олар емес, 26 жастағы қала тұрғыны Дэвид Корбеттің «пиклз» атты иті қала шетіндегі бақтан тауып алады. Бірақ, ұрылар сол беті ұстатпай кетті.

Жоғалған кубокты тауып берген «пиклз» атты ит осы