Әлемнің 53-ракеткасы Зарина Дияс Страсбургтегі турнирдің ширек финалында ресейлік Анастасия Павлюченкоға жол берді.

Бір сағат, 8 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші қарсыласына екі сетте есе жіберді – 4:6, 2:6. Бұл теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі болатын.