Ямайкалық және кениялық атлеттер Олимпиададан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Daily Mail сайты хабарлайды.

Таяуда ямайкалық және кениялық бірнеше атлет допинг тестінен өте алмай қалған еді. Осыған байланысты халықаралық анти-допинг агенттігі (WADA) сол елдегі допингке қарсы комитеттің жұмысын тексеруге кірісіп кетті. Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Томас Бах барынша әділ болатынын, тәртіп бұзған спортшыларды қатал жазалайтынына уәде берді.

Кения мен Ямайкаға шүйліккен WADA елдегі допингке қарсы агенттіктің жұмысынан кілтипан табылса, Олимпиададан шеттетуге құлшынып отыр. Демек, жеңіл атлетиканың үздіктері Усэйн Болт пен Дэвид Рудиша секілді желаяқтар Риоға бара алмай қалуы мүмкін.

Кения “жұлдызы” – Дэвид Рудиша

Допинг дауына қазақстандық спортшылар да іліккен болатын. 9 зілтеміршінің қанынан күмәнді препарат табылып, бірнеше жылға жарысқа қатысу мүмкіндігінен айрылады.