Қазақстан кубогының ширек финалы аясында жетісайлық «Мақтаарал» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдады, деп жазады prosports.kz.

Бұл кездесуде «Ертіс» командасы өз мықтылығын дәлелдей білді. Бірінші лигада бақ сынайтық алаң иелерін оңай ұтты.

Қазақстан кубогы. 1/4 финал«Мақтаарал» - «Ертіс» 0:3

Гол соққандар: Рамазанов Мадьяр '45+3, Салами Фуад Гболахан '58, Калинин Илья '90+2

«Мақтаарал»: Рустам Сарсенбаев (Қ) - Вячеслав Лебединский, Олег Пасеченко (К), Ануар Жағиппар - Олжас Құлымбетов, Ельмар Набиев, Асхат Қарабек, Сәкен Орынбеков, Кеңесбай Шубаев - Қуаныш Бегалин, Константин Задорожный.

«Ертіс»: Алмат Бекбаев (Қ) - Берік Айтбаев, Мақсат Әмірханов, Адриан Аврамия, Мидат Галбаев - Кирилл Шестков, Александр Кислицын (К), Рахимжан Розыбакиев, Мадьяр Рамазанов, Владимир Воменко - Эдди Эрнандес.