Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (93) Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатқан WТA турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз 1/16 финалында АҚШ теннисшісі Слоан Стивенсті (10) жеңді.

Үш сағат бес минутқа созылған кездесу 7/5, 4/6, 6/7 есебімен Юлияның пайдасына шешілді.

Қазақстандықтың келесі айналымдағы қарсыласы тағы бір америкалық Элисон Риск (105).