Грузия ұлттық құрамасы 1 және 6 маусым күндері өтетін Мальта мен Люксембургке қарсы жолдастық кездесуге шақырту алған футболшылар тізімін жариялады, деп жазады prosports.kz сайты.Аталған тізімде Қазақстан Премьер лигасында доп тебетін үш ойыншының есімі бар. Атап айтар болсақ, қостанайлық «Тобыл» командасында өнер көрсететін Джаба Канкава мен Ника Квеквескири және шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Джамбул Джигаури.

Тағы бір айта кетерлігі, Грузия ұлттық құрамасының бас бапкері қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс маман - Владимир Вайсс.