Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады.

Ресей басшысы Қазақстан президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.