Сергей Деревянченконың промоутері мен менеджері Лу ДиБела Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер " жалған айтты деп айыптайды. Бұл туралы Prosports.kz тілшісі fightnews.info сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Том Леффлер "Деревяченко GGG-мен кездесуге дайын болмады" деген болатын. Алайда, ДиБелла пікірінше, бұл - жалған айыптау.

«Бұл толық өтірік, - деді ДиБелла. «Сергей головкинмен шайқасуға дайын болды. Том мұны біледі. Біз 5 мамырда жекпе-жек өткізгіміз келетініміз туралы Томға және IBF-ге жіберген көптеген хаттар бар. Олар жай Деревянченкомен жекпе-жектен аулақ болды және олар оны біледі».