ПСЖ командасының жаңа бапкері Томас Тухель команданың көшбасшы ойыншысы Неймармен кездесіп оны командада қалуға көндірді, деп хабарлайды Спорт-Экспресс. Бұл туралы испандық тілші Гильем Балаге өзінің Твиттер парақшасында жазған.

Ертеректе Неймар «Реал» клубына ауысады деген хабар тараған.

Неймар қазіргі уақытта жарақатынан емделіп, Бразилия құрамасымен Әлем чемпионатына дайындалуда.