FIFA-ның ресми терезесінде Венгрия құрамасы екі жолдастық матч өткізеді.

Мажарларға аталмыш кездесулерде Беларусь (6 маусым) және Шотландия (9 маусым) құрамалары қарсылас атанып отыр.

Осы екі ойынға Венгрия құрамасы сапына «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер шақырту алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ласло Венгрия құрамасы сапында 15 ойын өткізіп, 1 гол соққан.