2022 жылы өтетін Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге үміткерлердің қатарына Швецияның Стокгольм қаласы да енді.

Осыған дейін Олимпиада өткізу құқығына ие болу үшін Бейжің мен Чжан-цзя-коу (Қытай), Алматы (Қазақстан), Львов (Украина), Осло (Норвегия) және Польша мен Словакия бірлесіп өтініш берген болатын, деп хабарлайды «Утро».