Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Рейтингіде румыниялық спортшы Симона Халеп көш бастап тұр. Екінші орынды дат теннисшісі Каролин Возняцки иеленсе, алғашқы үштікті испаниялық Гарбинье Мугуруса тұйықтап тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс жеке разрядта бір орынға көтеріліп, 53-орынға жайғасты. Біздің тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева 13 орын төмен түсіп, 93-позицияны иеленді.

Жұптық разряд рейтингінде Галина Воскобоева 88 орын жоғары көтеріліп, 186-орынды алды.