Англиялық «Ньюкасл Юнайтед» бас бапкері Рафаэль Бенитес сан-петерборлық «Зенитті» жаттықтырудан бас тартты.

The Northern Echo ақпаратына сүйенсек, петерборлық клуб 58 жастағы маманға трансферге үлкен бюджет пен жақсы келісімшарт ұсынған. Алайда ол Ресейге көшуден бас тартқан.

Бенитестің «Ньюкаслдағы» болашағы әлі анықталған жоқ. Ол Қытай мен Таяу Шығыс елдерінің ұсыныстарынан бас тартты.