Мэйсон Картрайт пен Даррен Тетли екінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы титулы үшін бір-бірін аяп қалған жоқ.

Картрайт техникалық нокаутпен ұтылған. Кездесуден соң британиялық боксшы өзінің жекпе-жектен кейінгі жағдайын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

Картрайт кәсіпқой мансабында алғаш рет ұтылып отыр. Ал Тетли өз кездесулерінің бәрінде жеңіске жетті.