Ресейлік «Уфада» ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына жолдама алды. Бұл туралы уфалық клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Қазақстан құрамасы 1-6 маусым арасында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 5 маусымда ұлттық құрамамыз Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.