Златан Ибрагимович қатарынан жетінші рет Швецияның үздік ойыншысы атанып отыр.

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы нағыз жеңімпаз, мықты шебер ойыншы және де әлемге танымал ойыншы, дейді Швецияның БАҚ өкілдері. Қазіргі уақытта Златан ұлттық құраманың сапында 2014 жылы өтетін әлем біріншілігіне іріктеу плей офф кезеңі аясындағы Португалияға қарсы кездесуге дайындық жаттығуларын жүргізіп жүр.

Басқада сыйдың иегерлері:

Қақпашылар: Андреас Исакссон (Қасымпаша) / Тора Хельгадоттир (Мальме)

Қорғаушылар: Мартин Ольссон (Норвич) / Нилла Фишер (Личепинг/Вольфсбург)

Жартылай қорғаушылар: Альбин Экдаль (Кальяри) / Рамона Бахманн (Мальме)

Шабуылшылар: Златан Ибрагимович (Пари Сен-Жермен) / Лотта Шелин (Лион)

Бапкерлер: Ричард Норлинг (Мальме) / Юнас Эйдевалль (Мальме)

Жас жұлдыздар: Мелькер Халльберг (Кальмар) / Джессика Самуэльссон (Линчепинг)

Үздік Гол: Златан Ибрагимович (Швеция - Англия)