Новак Джокович ақтық кездесуде Рафаэль Надальдан басым түсіп, Лондон қаласында өтіп жатқан қорытынды АТР жарысының жеңімпазы атанды.

Сербиялық теннисші екі сет барысында әлемнің бірінші ракеткасына есе қайтарды.

Новак Джокович (Сербия) – Рафаэль Надаль (Испания) 6:3, 6:4

Жұптық разрядта қос испан теннисшісі Давид Марреро мен Фернандо Вердаско топ жарды. Финалда испандық дуэт американдық жұп Боб Брайан мен Майкл Брайаннан асып түсті. Жалпы есеп — 7:5, 6:7 (3:7), 10:7.