Италия В сериясының соңғы турында сырт алаңда «Специю» командасын жеңген «Парма» футбол клубы үш жылдан кейін Италияның ең жоғарғы лигасы А сериясына қайта оралды, деп жазады prosports.kz.

Осылайша Италия футболының тарихындағы ең атақты клубтардың бірі «Парма» келесі маусым Италия А сериясында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр. «Парма» футбол клубы 2015 жылы маусымда банкрот болғанын жариялап, Италияның төртінші дивизионына (D лигасы) түсіп қалған еді.Бірақ, араға үш жыл салып Италияның ең жоғарғы лигасына оралып отыр. Олар осы үш жылда үш саты көтерілді. Алдымен, 2015/16 жылғы маусымда Италия С сериясына, 2016/17 жылғы маусымда Италия В сериясына, ал биыл А сериясына жолдама алып отыр.

Команда капитаны - Алессандро Лукарелли