Иран әйелдері футболдан өтіп жатқан жарыстарға бару құқығын алуы тиіс. ФИФА президенті Йозеф Блаттер осындай ұсыныс жасады.

Тегеранға ресми сапары кезінде ол бұл мәселені премьер-министр және парламент спикерімен талқылаған.

Ислам Республикасының заңы бойынша ерлер командалары ойнаған кезде әйел адамдарға стадионға баруға тыйым салынған.