Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін Golden Boy Promotions-пен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

- Golden Boy-мен келіссөз әлі жүріп жатыр. Бұл биылғы ең үлкен жекпе-жек және екі жігіт үшін өте маңызды болмақ. Геннадий 5 мамырдағы кездесуінен кейін бір апта демалыс алды, сондықтан біз бизнеске оралып жатырмыз, - деді Леффлер.