«Торостың» бұрынғы қорғаушысы Роман Хисамутдинов өскемендік «Торпедомен» келісімшартқа отырды.

Қорғаушымен еңбек келісімі бір жылға жасалды. 22 жастағы хоккейші ярославскілік «Локомотивтің» түлегі саналады. «Рязань» мен «Торос» сапында ЖХЛ тұрақты чемпионаты мен плэй-офф матчтарында 91 матч өткізіп, 5 шайба мен 10 нәтижелі пастың авторы атанған.