Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Орландо Салидо Сьюдад-Обрегон қаласында 16 бөтелке сыра ұрлағаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды BoxingScene.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де Салидо достарымен бірге дүкенге кіріп, ішімдік сатып алуды жопарлаған. Сатушы таңғы сағат 08:00-ге дейін заң бойынша ішімдік сата алмайтынын ескерткен. Орландо оның айтқанын елемей, сыраны алып, дүкеннен шығып кеткен.

Оқиға орнына полиция шақырылып, 800 песо кепілақы төлегеннен кейін Салидо бостандыққа шыққан.