Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Астанадағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық кездесу өткізуде жоспарлап отыр.

Талғат Байсуфинов шәкірттері төртінші маусым күні Әзірбайжан елінің жастарымен кездессе, тоғызыншы маусымда қарағандылық «Шахтёр» клубымен бақ сынаспақ.

Қазақстан жастар құрамасының ресми ойыны қыркүйектің жетісі және он біріне жоспарланған.

Еуропа чемпионатына іріктеу аясында алдымен Астанада Словениямен кездессе араға төрт күн салып дәл осы қарсыласпен сырт алаңда жолығады.