Данияда өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды.

Жартылай финалға соңғы болып Латвияны жеңген Швеция шықты.

Бұған дейін үздік төрттік қатарына Канада, АҚШ және Швейцария құрамалары жолдама алған.

Жартылай финалда Швеция мен АҚШ, Канада мен Швейцария кездеседі.

Финалға шыққан командалар ертең белгілі болады.