«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси «Бетиспен» кездесуде жарақат алды.

Месси кеше түнде «Бетиске» қарсы өткен ойында 22-ші минутта жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Дегенмен, жарақат қаншалықты ауыр екені әлі белгіссіз.

Естереңізге сала кетсек, «Барселона» келесі кездесуін 23-ші қараша күні «Гранадаға» қарсы өткізеді.