Бразилиялық футболшы Неймар биыл Ресейде өтетін әлем чемпионатын жеңіп алуды мақсат қылып отыр.

«Мен доппен жаттығу жасап жүрмін және өзімді жақсы сезінемін. Кішкентай қауіп бар, бірақ ақырындап қалпыма келе жатырмын.

Әлем чемпионаты – ең үлкен турнир. Сол жарыста ойнап, чемпион болғым келеді. Бұл кубок менікі болуы тиіс», - деді Неймар Desimpedidos-қа берген сұқбатында.

Естеріңізде болса, Неймар 2014 жылғы әлем чемпионатында 4 гол соққан болатын. Алайда ширек финалда ауыр жарақат алып, жарысты аяқтады. Ал Бразилия Неймарсыз жартылай финал (Германия, 1:7) мен үшінші орын (Голландия 0:3) үшін өткен матчтарда ірі есеппен ұтылды.