Қазақстандық Денис Кузин Калгариде өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде 1000 метр қашықтықта мәреге төртінші болып келді.

Американдық Шани Дэвис 1000 метрлікті 1 минут 7,46 секундта жүгіріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды Нидерланды спортшысы Кьелд Нейс (+0,11 секунды) иеленсе, үшінші сатыға американдық Брайан Хансен (0,18) жайғасты.

Қазақстандық спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 7,71 секундта жүгіріп өтті, ол жеңімпаздан 0,25 секундқа қалып қойды. Осы нәтиженің арқасында Кузин еншісіне 60 ұпай қосты.Естеріңізге сала кетсек, 24 жастағы Кузин 2013 жылы Сочиде өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын.