Қазақстандық теннисші Александр Недовесов (239) Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз 1/16 финалда сербиялық теннисші Милян Зекичке (299) есе жіберді.

1 сағат 28 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.