2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).

Өткен бірінші санымызда 100-90, одан кейінгі екінші санымызда 89-80-ші , ал үшінші санымызда 79-70-ші орындағы аңыз ойыншыларды таныстырған едік. Енді бүгін 69-60-шы орындағы атақты футболшылар жайлы жазамыз.

69. Марко Тарделли (Италия) 1978, 1982

1982 жылғы Әлем чемпионатының финалында гол соққан Тарделлидің қуанышты бейнесі сол кездегі жанкүйерлердің әлі есінен кеткен жоқ.

68. Михаэль Баллак (Германия) 2002, 2006

Баллактің бейнесі бәрімізге таныс десем артық айтқан болмаспын. «Герман машинасының» бір кездегі бастаушысы өзі қатысқан екі Әлем чемпионатының да символдық құрмасына енген.

67. Йохан Нескенс (Голландия) 1974, 1978

1974 жылғы Әлем чемпионатынада бес бірдей голды өз еншісіне жазған Нескенс командасын бастап ақтық финалға дейін жетті.

66. Ян Кулеманс (Белгия) 1982, 1986, 1990

1982 жылғы чемпионатта әйгілі аргентинаны жеңген бельгиялықтар 1986 жылы жартылай финалға жетті. Бұл Бельгия футбол тарихындағы ең өздік нәтиже.

65. Леонидас (Бразилия) 1934, 1938

1938 жылы Франция жеріндегі чемпионатта жеті гол соққан Леонидас сол кезекті чемпионаттың ең үздік сұрмергені атанумен қатар ең үздік ойыншы атағын да иеленді.

64. Диего Форлан (Уругвай) 2002, 2010

2010 жылғы Әлем чемпионатының «алтын доп» иегері. Оңтүстік Африкада Уругвай командасы Форланның бастауында төрт мықтының қатарына қосылды. Форлан чемпионатта бес бірдей гол соқты.

63. Сальваторе Скиллачи (Италия) 1990

1990 жылғы Әлем чемпионаты басталмас бұрын Сальваторе қатардағы ойыншы болатын, тіпті Италияның қосалқы құрамын толықтырып жүрген. Бірақ, ол өз жерінде өткен чемпионатта өзгеше мінез танытты, алты гол соққан ол чемпионаттың ең үздік сұрмергені және ең үздік ойыншысы атанды.

62. Андрес Иньеста (Испания) 2010, 2014

Испаниялық «әппақ» 2010 жылғы Әлем чемпионатының қаһарманы. Финлда Инеста соққан жалғыз гол «қызыл империяға» алғашқы чемпиондықты алып берді.

61. Христо Стоичко (Болғария) 1994, 1998

Сол кездегі «Барселонаның» шабуылшысы 1994 жылғы Әлем чемпионатында әлемге танылды. Алты гол соққан ол Болгария командасын алдыңғы төрттікке жеткізді.

60. Роб Ренсенбринк (Голландия) 1974, 1978

Жетпісінші жылдардағы қапталмен шабуылдаудың хас шебері. Голландия командасы қатарынан екі кезек Әлем чемпионатының финалына шықты. Ренсенбринк те екі кезек чемпионаттың символдық құрамасына енді.

Жалғасы бар...