«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан француз командасын басқаруы мүмкін.

El Confidencial хабарлауынша, француз футбол федерациясының өкілдері бапкерге хабарласып, өздерінің қызығушылығын білдірді. Ол жаттықтырушы Дидье Дешам босатылған жағдайда келісім-шарт жасасады.

Дерек көзіне сенсек, «Реалдың» бапкері Франция футбол құрамын басқаруға қарсы емес.