Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең үздік тұжырым саналатын UFC ұйымы Ресей елінде турнир өткізеді, деп хабарлайды Qsport.kz.

Ресей астанасы Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтеді деп жоспарлануда. UFC президенті Дана Уайт Ресейде үлкен турнир өткізу жоспарда бар екенін айтқан. Бүгін Ресейдегі турнирдің нақты қай уақытта өтетіні белгілі болды.

Ресей еліндегі тұңғыш UFC турнирі 15 қыркүйек күні, «Олимпийский» спорт кешенінде өтетін болды. Әзірге қай спортшылардың өнер көрсететіні белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстандық аралас жекпе-жек майталмандары Шахмарал Жетпісов пен Зәмзәгүл Файзолланова әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-дің іріктеуіне шақырту алған болатын.