2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).

Өткен бірінші санымызда 100-90, одан кейінгі екінші санымызда 89-80-ші орындағы аңыз ойыншыларды таныстырған едік. Енді бүгін 79-70-ші орындағы атақты футболшылар жайлы жазамыз.

79. Реп Джонни (Голландия) 1974, 1978

Екі кезекті Әлем чемпионатына қатысқан Джонни жалпы жеті гол соққан. Бүл енді Голландиялық футболшылар үшін ең жоғары көрсеткіш саналады.

78. Майкл Оуэн (Англия) 1998, 2002, 2006

Майкл Әлем чемпионатында гол соққан ең жас Англиялық футболшы саналады. Оның атын шығаруға 1998 жылы Аргентина командасына соққан жалғыз голдың өзі жеткілікті болды.

77. Хорхе Вальдано (Аргентина) 1982, 1986

Вальдано 1986 жылы Аргентинаның чемпион атануына зор үлесін қосты. Сол кезде оның соққан голы отандасы әйгілі Марадонадан ғана аз болыд. Олар финалда Германия Федеративтік Республикасын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осы үш голдың бірі Хорхенің есебінде.

76. Харальд Шумахер (Батыс Германия) 1982, 1986

Ол қатысқан екі кезекті Әлем чемпионатында да Германия командасы күміс жүлдегер атанды. 1986 жылы чемпионаттың үздік үш ойыншысының бірі болып танылды.

75. Марсель Десайи (Франция) 1998, 2002

1998 жылғы чемпион Франция командасының үздік ойыншыларының бірі. Чемпионыттың символдық құрамасына енген.

74. Пребен Элькьер-Ларсен (Дания) 1986

Мексика жерінде өткен чемпионаттың символдық құрамасының мүшесі. Уругваймен болған ойында хет-трик жасады. Чемпионыттың үздік үштігін қортындылаған.

73. Давор Шукер (Хорватия) 1998, 2002

1998 жылы Шукердің бастауында Хорватия құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Ол өзі де чемпионаттың үздік ойыншыларының бірі атанды.

72. Микаэль Лаудруп (Дания) 1986, 1998

1986 жылғы Әлем чнмпионатынан кейін араға 12 жыл салып, әлемдік сайысқа қайта оралған Микаэль чемпионаттың символдық құрамасының қатарын толықтырды.

71. Алекссандро Альтобелли (Италия) 1982, 1986

1982 жылы Италия командасы әлем чемпионы болды. Олар финалда Германия Федеративтік Республикасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Бұндағы бір голды Альтобелли өз есебіне жазды. Ал 1986 жылғы чемпионатта ол төрт гол соқты.

70. Руд Крол (Голландия) 1974, 1978

Қатарынан екі Әлем чемпионатына қатысты, қатарынан екі чемпионаттың символдық құрамасына енді. Голландия қатарынан екі мәрте күміс жүлдеге ие болды.

Жалғасы бар...