Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалында «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts» боксшыларымен жұдырық түйістіреді.

Шаршы алаңдағы тартысты жекпе-жекті «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Ұлыбританиядан тікелей көрсетілім 17 мамыр күні сағат 01:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) қазіргі чемпиондары – қазақстандық «Astana Arlans» клубының спортшылары топтық кезеңде 15 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Олар «Patriot Boxing Team» (Ресей), «China Dragons» (Қытай) және «Indian Tigers» (Үндістан) командаларымен кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын.