2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған орайда prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).

Өткен санымызда 100-90 аралығындағы футболшыларды таныстырған болатынбыз. Бүгін соның жалғасын ұсынып отырмыз. 89-80-інші орындардағы аңыз ойыншылар:

89. Олек Саленко (Ресей) 1994

Олекті әлемге танытқан 1994 жылғы чемпионат болды. Ресей құрамасының алғаш қатысқан Әлем чемпонаты болатын бұл. (Бұрын кеңестік одақтың құрамында болған.) Ол - Әлем чемпионатында гол соққан алғашқы Ресейлік ойыншы. Дәл осы чемпионатта ол Камерон құрамасына бес бірдей гол соққан. Осылайша Ресей құрамасы топтық кезеңнен әрі аса алмаса да сол чемпионаттың ең үздік сұр мергені атанды. Үш ғана ойынға қатысып чемпионаттың алтын бутсасын ұту әзірге дейін Олектің ғана қолынан келген ерлік саналады (жалпы алты гол соққан.)

88. Хосе Насасси (Уругвай) 1930

Алғашқы Әлем чемпионатындағы алғашқы әлем чемпиондарының капитаны, әрі алғашқы Әлем чемпионатының алғашқы алтын доп иегері.

87. Дейна Казимеж (Полша) 1974, 1978

Жетпісінші жылдардағы ең мықты жартылай қоғаушылардың бірі. 1974 жылғы Әлем чемпионатында Польша командасын бастап үшінші орыннан көрінді. 41 жасында көлік апатынан қайтыс болағаннан кейін, Польша тарихындағы ең атақты футболшы атанған.

86. Гильермо Стабиле (Аргентина) 1930

1930 жылы өткен алғашқы Әлем чемпионатында 8 гол соғып, чемпионаттың күміс бутсасын (екінші үздік сұр мерген) иеленген.

85. Карека (Бразилия) 1986, 1990

Өзі қатысқан екі Әлем чемпионатында 7 гол соққан. Бұның бесеуін 1986 Мексика жерінде өз еншісіне жазған екен.

84. Карлос Вальдеррама (Колумбия) 1990, 1994, 1998

Колумбиялық «арстан» жанкүйер қауымның жүрегінде өзі қатысқан үш Әлем чемпионатындағы әдемі ойындарымен және өзгеше шаш үлгісімен қалды.

83. Энцо Шифо (Бельгия) 1986, 1990, 1994, 1998

Белгия футболының бір дәуірінің көрсеткіші саналатын ол төрт бірдей Әлем чемпионатына қатысқан. Сол кездердегі Еуропа футболының аға «ұстаздарының» бірі.

82. Фабьен Бартез (Франция) 1998, 2002, 2006

1998 жылы Францияның өз жерінде чемпион атануына Бартездің бір кісілік еңбегі сіңді. Бар болғаны екі ғана гол өткізіп алған ол өз командасының жеңістерге жетуін қамтамасыз етті.

81. Икер Касильяс (Испания) 2002, 2006, 2010, 2014

Испания тарихындағы төрт бірдей Әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш қақпашы. 2010 жылы Африка жеріндегі чемпионатта қақпасына бар болғаны екі гол ғана жіберген Икер ең соңында чемпион атанды.

80. Освальдо Ардилес (Аргентина) 1978, 1982

1978 жылғы Әлем чемпионатында өте керемет ойындарымен ел есінде қалды. Кейін «Тоттенхэмде» тер төккен ол англиялық жанкүйерлер назарындағы ең сүйікті аргентиналық ойыншыға айналды.

Жалғасы бар…