Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (54) Римде (Италия) өтіп жатқан WTA турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз турнирдің негізгі кезеңінің 1/32 финалында германиялық Анжелика Кербермен (12) кездескен болатын.

1 сағат 33 минутқа созылған кездесуде 6:2, 7:6 есебімен Кербер жеңіске жетті.