Қазан қаласында дәрігер мамандығы бойынша оқып жүрген Қазақстанның тумасы Маржан Ахмет өз өмірін еріктіліксіз елестете алмайды. Ол болашақ еріктілердің қандай қасиеттерге ие болу керектігін және кандидаттардың математиканы жақсы білулері тиіс екенін айтты.Әлемнің ең басты спорттық іс-шарасына дейін санаулы күн қалды. Аталған іс-шараға ат салысуға шымкенттік 20 жастағы Маржан Ахмет те мүмкіндік алды. Ол Қазандағы жанкүйерлерге көмектесетін болады.

Қазақстандық студент Маржан Ахмет Қазан федералды университетінде «дәрігер» мамандығы бойынша білім алады. Енді студентті Қазан Волонтерлер командасында ерікті болу үшін үлкен тәжірибе күтіп тұр.

«Мен үнемі еріктілердің жұмысына қызығатынмын. Кейін Қазан қаласында матч өтетінін білгенде, бұл шараға міндетті түрде қатысуым керек деп шештім. 2017 жылы Конфедерация кубогы өткізілді. Онда мен «Қазан аренасында» қызметкер ретінде өз міндеттерімді орындадым. Содан көңіл-күй мен ойындарды ұйымдастыру еріктілердің әрекеттеріне байланысты екенін түсіндім. Осыдан бастап, ерікті болуды мақсат еттім»,- дейді Маржан.