«Астана» футбол клубы Премьер-Лиганың 10-шы туры аясында сырт алаңда «Атырау» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы кездесу туралы елордалық команда қорғаушысы Марин Аничич клубтың баспасөз қызметіне өз ойымен бөлісті:

- Тартысқа толы, өте қиын ойын болды. Ауа-райының қытты ыстық болуы да ойынға кері әсерін тигізді. Ойын тағдырын ертерек өз пайдамызға шешуге болар еді. Дегенмен, екінші таймда матч тағдырын шешіп, қажетті үш ұпайға қол жеткіздік.

- Ойынның алғашқы бөлігінде аздаған қақтығыс орын алды. Бұл немен байланысты?

- Мен ол қақтығыс орын алған сәтте алыс жерде болатынмын. Ең бастысы ойыншылар жылдам өз ссабаларына түсіп, әрі қарай футбол ойнауды жалғастырдық.

- Үзілісте басты бәсекелестеріңіз «Қайрат» командасының «Тобылға» жол бергендігі туралы білдіңіздер ме?

- Иә, біз «Тобыл» командасының «Қайраттан» басым түскенін білдік. Біз үшін ең бастысы «Атырау» командасын қалай да жеңу қажет болды. Сол себепті, екінші таймда өз ойынымызға қарқын беріп, жеңіске жеттік.