Ел кубогының ақтық кездесуі қарсаңында Виктор Кумыков пен Арно Пайперстің қатысуымен баспасөз-маслихаты өтті.

Бірінші болып Арно Пайперске сөз берілді:

- Финалға шыққанымызға қуаныштымын. Жеңуге тырысамыз. «Ақтөбеге» қарсы мықты ойын көрсеттік. Дегенмен Кучма, Нестеренко мен Воротников бірнеше апта болды емделіп жүр. Бұл ойыншыларды алмастыру қиын болады. Сол себепті, ертең жас ойыншыларымызға да өз-өзін көрсету үшін мүмкіндік беріледі.

 Виктор Балютович:         

- Астанаға бүгін келдік. Голландиядан ұшып келген ойыншыларымыздың көңілкүйін ескертеміз. Ия, бірнеше ойыншы Қазақстанда қалды. Бұл ойыншыларымыз финалдық кездесуге дейін емделіп, демалып алсын деген оймен уақыт бердік. Ертең алаңға шығатын құрамамыз белгілі. Ойын оңай болматыны анық,  «Тараз» үшін бұл кездесу маусымды сәтті аяқтауға берілген жақсы мүмкіндік.     

Виктор Балютович, алаңға ертен кім шығады?

- Ертең маған звондасаң, айтам.

Голландияға бармаған ойыншылар ертең алаңға шыға ма?

- Жарақаттары бар. Шыға ма, шықпай ма ертең белгілі болады.

Арно, «Шахтер» «Астана Аренада» жиі ойнайды. Бұл жағдай сіздің командаңыз үшін кедергі болмай ма?

- Керемет Стадион. Ия, «Шахтер» үшін бұл алаң жақсы таңыс. Кедергі болуы мүмкін.  

- Виктор Балютович, Қазақстан кубогын басқа уақытқа ауыстыруға болатын ба еді?

- Әрине. Бұл кездесуді басқа уақытқа ауыстырса жақсы болар еді. Алайда мен жай ғана бапкермін, бұл сұрақты клубтың  басшылығы шешуі керек.

Арно, сіз бұл туралы не айтасыз?

- Сырт алаңда «Атыраумен» кездестік. Бұдан тыс, басқа матчтарымыз да болды. Бұл футбол, бұндай жағдайлар болып тұрады.

Кездесуді тамашалауға Нұрсұлтан Назарбаев, Мишель Платини және Зепп Блатер келетіні белгілі болды. Бұл жайт ойыншылар үшін қалай әсер етеді ?

Арно Пайперс:

- Біз үшін бұл құрмет. Дегенмен, біз үшін маңыздысы кубокты ұту.

Виктор Кумыков:

- Әрине, бұл үлкен құрмет. Нұрсұлтан Назарбаев біздің бір кездесуімізді тамашалаған болатын кезінде, бірақ өкінішке орай сол матчта жеңіліп қалғанбыз.

- Арно, сізге матчты басқа уақытқа ауыстыруға ұсыныс келсе, келісер ме едіңіз?

- Бұндай ұсыныс келген жоқ. Келсе, келісер едім.

- Виктор Балютович, Еуропа лигасының келесі ПАОК-ке қарсы кездесуге дейін бос уақытты қалай өткізесіздер?

- Ойыншыларға үш күн демалыс беріледі. Сосын күніне екі рет жаттығатын боламыз. Артынша, 22-ші қарашада «Бунедкормен» жолдастық кездесу өткіземіз.

- Арно, «Шахтер» мен «АЗ» кездесуінде қай командаға жанкүйер болдыныз?

- Дик Адвокат менің жақсы досым. Маған сол ойын алдында Адвокат звондап Шахтер жайлы сұрады деген көп сыбыс естідім. Алайда маған ешкім звондаған жоқ. Мен үшін қазақстандық командамен голландиялық ұжымның кездесуі қуантар жайт.

-Арно, «Шахтер» Голландия чемпионатында ойнаса, нешінші орын алар еді?

- «АЗ Алкмаармен» өткен кездесуден кейін, голландиялық БАҚ өкілдері кеншілерді біраз мақтады. «Шахтер» ел біріншілігіндегі Топ ұжым, сондықтан, «Шахтер» менің ойымша Голландия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетер еді.

- Виктор Балютович, Стас Покатилов «АЗ»-ға қарсы жақсы ойын көрсеткенімен, кірмейтін голды жіберіп алды. Ол ертең алаңға шыға ма?

- Кімнің дайындығы жақсы, сол ойыншы алаңға шығады.

- Еуро жарыстарда ойнау керемет сезім екені белгілі. Виктор Балютович, Еуропа Лигасының дәмін татыңыз ба?

- Әрине таттық. Талай нәрсеңі көріп, сездік. Сондықтан да сол жолымызды қайталау үшін ертеңгі кездесуде жеңіске жетуге бар күшімізді саламыз.