2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына тура бір ай уақыт қалды.

Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған ерекше күн - бүгіннен бастап prosports.kz сайты сіздердің назарларыңызға Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшының есімін ұсынады. (Бұл тізімді Англияның «The Daily Mail» басылымы дайындаған).

Алдымен 100-90-шы орындардағы аңыз ойыншылар.

100. Саид аль-Овайран (Сауд Арабия) 1994, 1998

Сауд Арабияның саңылақ ойыншысы. 1994 жылғы Әлем чемпионатында Бельгиямен Сауд Арабия құрамалары кездесті. Дәл сол ойында Овайран төрт бірдей қорғаушыны алдап өтіп гол соққан болатын. Оны әлемге тантып, Арабияның Марадонасы атандырған осы сәтте ол 70 метрден астам жерге доппен жүгіріп өткен екен.

99. Гари Армстронг (солтүстік Ирландия)1982

1982 жылғы Әлем чемпионатында бір ойында бүкіл әлемге белгілі болды. Испан жерінде өтіп жатқан чемпионатта отағасы құраманың қақпасынан саңылау тауып, өз командасын 1:0 есебімен жеңіске жетеледі.

98. Гиджа Альбердес Эдгардо (Уругвай)

1950 жылғы чемпионаттың ақтық финалы. Бразилияның айгілі «Маракана» стадионында Урагвай құрамасы отағасыларды 2:1 есібімен ұтып чемпион атанған сәтте, жергілікті 20 мың жанкүйердің қайғысына орай Бразилия қақпасына соңғы гол соққан осы кісі болатын.

97. Томаш Скухравы (Чехсловакия) 1990

Бұрынғы Чехсловакияның осы бір еңсегей бойлы шабуылшысы 1990 жылғы Италия еліндегі чемпионаттың үздіктері қатарынан табылды. 1/8 финалда Коста-рика құрамасына қарсы ойында Хет-трик жасағаны бар.

96. Сократес (Бразилия) 1982, 1986
Бразилия командасының бір дәуірдегі капитаны. 1982 жылғы Әлем чемпионатында оның керемет дәлдіктегі пастары барша жанкүйерді таңғалдырды.
95. Томас Бролин (Швеция) 1990, 1994
1994 жылы АҚШ-та өткен Әлем чемпионаты Бролинді бар қырынан танытты. Чемпионатта үш гол соққан ол, соңында чемпионаттың символдық құрамасына енді. Оның бастауында Швеция командасы алдыңғы үштікті қорытындыларды.
94. Герсон (Бразилия) 1966, 1970
1970 жылығы әлем чемпионы Бразилия құрамасының негізгі ойыншыларының бірі. Сол жолғы чемпионатта ол тек керемет пастарымен ғана есте қалған жоқ, ол чемпионаттың Пеледен кейінгі үздік ойыншысы(күміс доп иегері) атанды.
93. Томас Мюллер (Германия) 2010, 2014
Бұл ойыншы бізге жақсы таныс. 2010 жылы Оңтүстік Африка Әлем чемпионатының Алтын бутса (ең үздік сұрмерген) иегері. Ал 2014 жылы Бразилия жерінде өткен чемпионаттың «Күміс добы» мен «Күміс бутса» иегері атанды. Әрі Германияның чемпион болуына үлкен үлес қосты.
92. Дидье Дашам (Франция) 1998
1998 жылы Францияның өз жерінде чемпион атануына үн-түнсіз үлес қосқан(атақ-даңықсыз) Дашам да Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі футболшы саналады.
91. Шандор Кочиш (Венгрия) 1954
1954 жылы Венгрия командасын ақтық сынға дейін жетелеген Кочиш бір өзі 11 гол соғып, чемпионаттың үздік мергені атанды. Бұнымен қатар чемпионаттың екінші үздік ойыншысы да атанды. Бұнда ол отандасы Ференц Пушкашқа ғана жол берді. Пушкаш чемпионаттың «Алтын доп» иегері атанған.