Жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласта украиналық боксшы Василий Ломаченко венесуэлалық Хорхе Линарес арасында өткен жекпе-жек 2018 жылдың кабельді телекөрсетілім бойынша рекорд орнатты, - деп хабарлайды Espnmediazone.com.

12 мамырда кешке Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде Ломаченко Линаресті оныншы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта (61,2 келіге дейін) WBA титулын иеленді. Украиналық боксшы үш дивизионда небәрі 12 жекпе-жек өткізіп айтарлықтай рекордтты жаңартты.

Бұрынғы рекорд - 20 жекпе-жек болатын. Жекпе-жекті рейтингісі 1.0 болатын ESPN телеарнасы көрсетті, сол себепті де ол НВО арнасы арқылы көрсетілген Геннадий Головкин - Ванес Мартиросян (0.9) жекпе-жегінің рекордынан асып түсті. 5 мамырда Карсон қалашығында Головкин - Мартиросян арасында өткен жекпе-жекті 1,24 миллион көрермен тамашалаған.