Ringsidereport.com журналисі Гари Уильям қазақстандық Геннадий Головкиннің бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгиямен неге жұдырықтаспағанын айтты.

«Вегас неге Головкин – Мунгия жекпе-жегіне келісім бермеді? Ол Ванеске қарағанда «заңдырақ». Ол Головкинге қиындық туғызуы мүмкін еді», - деп жазды Уильям.

Айта кетейік, Головкин 5 мамырда мексикалық Хайме Мунгиямен кездескісі келген, алайда Невада штатының атлетикалық комиссиясы бұл жекпе-жекке өткізуге қарсы болды. Оның орнына GGG америкалық Ванес Мартиросянмен қолғап түйістірген еді.