Біріккен Араб Әмірлігінде (U-17) футболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Нигерия құрамасы ақтық кездесуде Мексика командасын – 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Ойынның 9-шы минутында Мексика командасының ойыншысы Эрик Агирре өз қақпасына гол соғып, қарсыластарын алға шығарды. Екінші таймда Нигерия ойыншылары Калечи Ихеначо мен Муса Мухаммедтің соққан голдары жалпы есепті түйіндеді.

Қола медальға өткен ойында Швеция құрамасы Аргентинадан басым түсті. Қорытынды есеп – 4:1.