Мәскеуде хоккейші, кезінде «Спартак» хоккей клубының жаттықтырушысы Николай Карпов 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды mir24.tv.

Карпов аға бапкер Кеңес Одағы кезінде «Спартакты» екі рет чемпион атағына жеткізген. Ойыншы ретінде Карпов өзі де ЦСКА құрамында 1952 жылы чемпион атанған.Николай Карповпен қоштасу 11 қараша күні сағат 12:00-де Боткин ауруханасында өтеді.