Бүгін Ресей Премьер-Лигасының 30-шы туры аясында «Уфа» өз алаңында «Тосно» командасын қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Аталған кездесуде 5:0 есебі тіркелді. Бұл Ресей чемпионатының соңғы туры болатын. Алаң иелерінің сенімді жеңісі турнирлік кестедегі алтыншы орнын сақтап қалды. Сөйтіп, «Уфа» командасы келесі маусым Еуропа лигасының іріктеу сынына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл ойынға «Уфа» командасының намысын қорғайтын қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет шақырту алған жоқ. Осының алдында Еркебұланның жарақат алып қалғаны белгілі болған болатын.