13 мамыр күні «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған үшінші велошеру өтті, деп хабарлайды Алматы ХАБ ақпараттық сайты.

Велошеруге қатысушалар әдеттегідей сөреге «Нұрлы Тау» бизнес орталығында 08:30-да жиналды, ал спорттық шара 09:00-де басталды. Бұл жолы, қатысушылар 9 шақырым қашықтықты бағындырды. Олар Әл-Фараби даңғылынан Шығыс айналмалы жолға дейін түсіп, Төле би көшесіне дейін жүріп өтеді, одан соң, Достық даңғылынан солға бұрылып, Қабанбай батыр көшесіне жетті. Велошеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының маңында аяқталды. Сөреде әуесқойларға арнайы нөмірлер таратылып, осылайша олар лотореяға қатысуға мүмкіндік алды.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018- жылы жоспарланған 21 велошерудің үшіншісі болып табылады.