Бүгін ресейлік «Уфа» Ресей Премьер-лигасының 30-турында Ресей кубогының иегері «Тосно» ұжымын қабылдайды.

Уфалық команда турнир кестесінде алтыншы орында келеді, егер команда соңғы турда осы орнын сақтап қалса келесі маусымда Еуропа лигасына жолдама алады. Маусымның соңғы матчында «Уфаға» Ондржей Ванек, Еркебұлан Сейдахмет (екеуі де жарақаттанған) пен Дмитрий Стоцкий (сары қағаз) көмектесе алмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Сейдахмет жарақатының кесірінен «Уфаның» бірнеше матчына қатыспаған болатын.