Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков  «АЗ Алкмаарға» қарсы өткен кездесу жайлы.
 
- «Әділетті нәтиже. Екі таймда да бізге сәттілік жетпеді. Алаңға бірінші рет шыққан кейбір ойыншыларымыздың қобалжығаны бірінші таймда көрініп тұрса, екінші таймда жетекші ойыншыларымыз шаршап қалды. Мұртазаевты бірінші минуттан да шығаруға болатын еді, дегенмен ол әлі толық екі таймды ойнауға дайын емес. Бірақ Зеньковичтен жақсы ойнағаны анық. Мүмкіндіктер болды, ойыншыларға сенімділік жетпеді», - деді Кумыков.