Бүгін ҚПЛ 10-шы туры аясында «Атырау» мен «Астана» матч алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Атырау клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Prosports.kz тілшісі.«Өкінішке орай, біздің ойыншылар мен жаттықтырушылар алаңдағы жағдайы нашар екенін атап өтті. Мамандар көгалдың жайсыз күйі ойыншылардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін деп«Томарлы» стадионының резервтік алаңында өткізуді ұйғарды» , - дейді аталмыш сайт.
Еске сала кетейік, ҚПЛ 10-туры аясында "мұнайшылар" ертең ел чемпиондары елордалық "Астананы" қабылдайды. Ойын біздің уақытпен 17:30-да басталады.