УЕФА президенті Мишель Платинидің әлем чемпионатына қатысушы елдердің санын арттыру туралы ойы ФИФА басшысы Йозеф Блаттердің пікрімен қарама-қайшы болып шықты.

«Әлем біріншілігінде 32 команда бақ сынайды. Жарыстың сапасын төмендетіп алмау үшін дәстүрімізден ауытқымау керек. Қатысушылардың саны артқан сайын ойынның көркемдігі жоғалып мәні қашады», - деді Блаттер.