Футболдан Еуропа Лигасының топтық кезеңнің төртінші турында қарағандылық «Шахтер» Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды.

Алкмаар қаласының «DSB» стадионында өрбіген кездесу, 1:0 есебімен «АЗ Алкмаар» командасының жеңісімен   аяқталды.

«Шахтер» бұл матчқа жартылай құраммен шықты. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Матчтың тағдырын 55-ші минутта алаң қожайындардың сапындағы Ортистің алыстан соққан голы шешті. Бірінші минуттан бастап «АЗ» командасы басымдылықты өз қолдарына алды. Бірнеше соққыларын «кеншілердің» жас қақпашысы Стас Покатилов қайтарды. Ойын соңында Мақсат Байжанов жақсы мүмкіндікті жіберіп алды, ойыншының жақын бұрышқа соққысың Алкмаардың қақпашысы Эстебан қайтара алды. Бұл «Шахтердің» осы Еуропа Лигасындағы екінші жеңілісі болды.  

«L» тобындағы екінші кездесуінде «Маккаби» мен «ПАОК» 0:0 есебімен тең ойнады.

Енді қарағандылық «Шахтер» келесі турда 28-ші қараша күні «Астана-Арена» стадионында Грекияның «ПАОК» құрамасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Голландияның «Маккабиімен» кездеседі.

Еуропа Лигасы. Топтық кезең. 4-ші тур.       

«АЗ»–«Шахтер» - 1:0 (0:0)

«АЗ»: Эстебан, Юханссон, Виргевер, Гаувелеув, Вейтенс, Гудель, Мартенс, Ортис, Гудмундссон (Хенриксен 83), Йоханссон, Бееренс.

«Шахтер»: Покатилов, Василевич, Борантаев, Байжанов, Тарасов, Дарабаев, Малый, Газарян, Зенькович (Мұртазаев 72), Симчевич, Каньяс

Гол: Ортис 55

Бас төреші: Мартин Ханссон (Швеция)

Ескерту алған: Борантаев 59

7 қараша. Голландия, Алкмаар.